Accessibility links

Бүгін Қазақстанның премьер-министрі Даниял Ахметов Грузияның Батуми Қара теңіз портына барып, осы аймаққа инвестиция салудың мүмкіндіктерін зерттеді


Ол сапар барысында Грузия журналистеріне былай деп атап көрсетті:

- Біз мұнда Фосфор-Дарданелге шығудың жақсы мүмкіндіктерін көріп тұрмыз. Бұл біз үшін өте маңызды. Егер біз сіздің елдің пайдасы көзделген қосымша ұсыныс алатын болсақ және Қазақстанға осы аймақты дамытуға мүмкіндік берсе, әрине, біз мұнда қатысатындай шешім қабылдар едік.

Қазақстан өткен айда Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына қосылғысы келетіндігі жөнінде айтқан болатын. 25 мамырда ашылған аталған мұнай құбырынан алғашқы мұнай қыркүйекте өткізіледі деп болжалып отыр. Премьер Ахметов бүгін Қазақстан бұл мұнай құбыры арқылы жылына 30 миллион тонна мұнай шығара алады деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG