Accessibility links

Ирақтың солтүстігіндегі Киркук қаласында болған жанпидашы бомба жарылысынан кемінде 22 адам қаза тапты


Жарылыстан 80-нен астам кісі жарақат алды. Бұл арада Киркуктың солтүстігінде Масуд Барзани Күрдтердің бірінші президенті қызметіне ант беріп жатқан болатын.

Сейсенбі күні шииттер басым бас министр Ал-Жафаридің үкіметі Ирақ ұлттық Ассамблеясында сенім даусына ие болды. Ұлттық Ассамблеядағы 275 орынның 140-ын шииттер иемденіп отыр. Ал күрдтер 75 орынмен екінші үлкен блокты құрайды. Сүннилер 17 орынға ие. Олардың көбі қарулы шабуылдардан қорқып, қаңтардың соңындағы сайлауға қатыспаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG