Accessibility links

Таулы Қарабақ сепаратистік үкіметі сайлау өткізіп жатыр


Таулы Қарабақ сепаратистік үкіметі Әзірбайжан үкіметінің қарсылығына қарамастан бүгін жергілікті сайлау өткізіп жатыр. Әзірбайжанға қарасты аймақта негізінен армяндар тұрады, бұл жер 1988 жылы Совет Әзірбайжанынан бөлініп кеткен болатын. Әзірбайжан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Пананов сайлау Әзірбайжан Конституциясына және халықаралық заңдарға қайшы деп мәлімдеді. Таулы Қарабақ сепаратистік президенті Аркадий Гукасян сайлау Еуропа демократиялық талаптарына сай өтсін, сонда Таулы Қарабақ халықаралық деңгейде мойындалады деп үндеу айтты.
XS
SM
MD
LG