Accessibility links

Сирия мен Израиль арасында тағы дау орын алды


Сирия өкілі Голан жоталарында Израиль сарбаздарына Сирия жерінен оқ атылды деген мәліметті жоққа шығарды. Израиль әскері атыс дүйсенбі күні орын алды, адам шығыны болған жоқ, сарбаздарымыз қарымта оқ атқан жоқ деген. Израиль екі ел арасындағы бейбіт келісімді қадағалайтын БҰҰ бітімгершілік әскерімен қоса шағым түсірді. Сирия өкілі дүйсенбі күні ешқандай төтенше жағдай болған жоқ, жастар Кьюнейтра қаласының Израиль оккупациясынан азат етілген күнін атаған, сөйтіп салют атқан деді. Израиль Голан жоталарын 1967 жылғы Таяу Шығыс соғысында басып алғаны аян.
XS
SM
MD
LG