Accessibility links

Ливандағы Хезболла партизандары кеше Израил басып алған аймақтағы әскери бекетке шабуыл жасап, бір израил жасағын өлтірген


Куә болғандар Израилдың әуе күштері шекарадағы екі Ливан аулының маңайын бомбалады деп айтқан. Израил әскерлері бұл қақтығыстарда бір солдаты қаза болып, бесеуі жараланды деп мәлімдеді. Израилдың әскери шенеуніктері Хезболла тобының мұндай шабуылдарға баруы жақында Ливанда өткен парламент сайлауында 1975-1990 жылдардағы азамат соғысынан бері бірінші рет Сирияға қарсылар көпшілік орын алғаннан кейін жасалып отыр дейді. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Шон Маккормак Израилдың қорғануға хұқы бар деп атап көрсетті. Басқа да хабарларға қарағанда, кеше Израил ұшағы Газа секторының солтүстігіне зымыран жіберген, қару қоймасы қопарылған.
XS
SM
MD
LG