Accessibility links

Қ.Бәкиев – алдағы айда президент тағына отыруға заңды мүмкіндік алды


БІШКЕК. Бүгін Қырғызстанның Конституциялық соты жексенбі күні болып өткен президент сайлауын заңға сәйкес деп жариялады. Бұл Қаулы сайлауда басым дауыспен жеңіске жеткен Құрманбек Бәкиевтің тамыз айында президент тағына ресми түрде отыруына мүмкіндік береді. Конституциялық сот президент сайлауы барысында айтарлықтай ешқандай заңсыздық болған жоқ, дауыс беру әділ де ашық өтті деп тапты. Қ.Бәкиев – берілген барлық дауыстың 90 пайызына жуығын алды.
XS
SM
MD
LG