БАҒДАД. Бағдадта Ирақтың Конституциялық комитетінің 3 мүшесі – елдегі сүннит мұсылмандары қауымдастығының өкілдері өлтірілді. Бұл қастандықтың жай-жапсары әзірше белгісіз. Бағдадта келіп түскен хабарға қарағанда, үшеуін де көшеде атып кеткен. Бүгін, сондай-ақ, Ирақтың түкпір-түкпірінде болған шабуылдардан кем дегенде 20 адам құрбан болды. Баакуба қаласында Ирақ жұмысшылары отырып келе жатқан автобус тасадан атқыланды, ал Киркук қаласында жол бойына көмілген бомба жарылды. Ирақ президенті Жалал Талабанидің бүгін айтқан пікірінше, С.Хусеиннің соты ертерек аяқталса, елдегі көтерістің басылуына ықпал етуі мүмкін.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?