Accessibility links

Ресми Ташкент Батыс елдерінен өшін қалай алып жатыр?


ТАШКЕНТ. Бүгін Өзбекстан соты халықаралық Интерньюс тобының екі қызметкері – оның бұрынғы директоры мен бухгалтерін лицензиясыз жұмыс атқарды және рәміздерді заңсыз қолданды деген айыптар бойынша кінәлі деп тапты. Ол екеуіне не айыппұл салынбады, не бас бостандықтарынан айырмай, олардың “қылмыстары” қоғамға қатер төндірмегендіктен қайырымдылық жасалып, дереу босатылды. Орта Азия бойынша Интерньюс тобының директры Джош Макледердің пікірінше, оның өз сөзімен айтқанда, “бұл ашу туғызатын айып және ашу-ыза шақыратын үкім”, бұл шындығында “ешқандай негізі жоқ, саяси астары бар іс” болып табылады.
XS
SM
MD
LG