Accessibility links

Ақаевтың қазақ күйеу баласы Әділ Тойғанбаевқа іздеу жарияланды


Қырғызстан бас прокуратурасы бұрынғы президент Асқар Ақаевтың күйеу баласы, бизнесмен Әділ Тойғанбаевқа іздеу жариялады. Тойғанбаев туған елі Қазақстанда қашып жүр делінеді. Тойғанбаев ақша жымқырды, салық заңын бұзды деп айыпталды. Әділ Тойғанбаев үйленген Ақаевтың үлкен қызы Берметтің парламенттік мандаты шілде айында жарамсыз деп табылған болатын. Бермет Ақаева сайлау заңын бұзды деп айыпталды. Әділ Тойғанбаевтың бизнестегі басымдылығы наурыз айында халық толқуларын қоздырған себептің бірі болатын. Толқу салдарынан Асқар Ақаев 24 наурызда биліктен қашты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG