Accessibility links

Дж.Бушты президенттік билікке отырғызған Жоғарғы соттың төрағасы қайтыс болды


ВАШИНГТОН. Америкада жасы 81-ге аяқ басқан шағында Жоғарғы Соттың төрағасы Уильям Ренкуист дүние салды. Марқұм АҚШ-тың жоғарғы соты алқасының құрамында 33 жыл мүше болды. Оны бұл лауазымға кезінде президент Ричард Никсон тағайындады. 1999-ыншы жылы Уильям Ренкуист президент Б.Клинтонға сенімсіздік жариялап биліктен аластату процесіне төрағалық еткен болса, 2000 жылғы президент сайлауы кезінде - Флорида штатындағы дауыстарды қайта есептеуді доғару керек деп дауыс берген судьялардың бірі болды. Осы өкімнің арқасында кіші Дж.Буш президенттік билікке келді.
XS
SM
MD
LG