Accessibility links

Қырғызстаннан мамыр қырғынынан кейін баспана алған өзбек азаматтарының 11-і Еуропа елдеріне жөнетілді


Қырғызстан бас прокуроры Әзімбек Бекназаровтың «Азаттық» радиосына айтуынша, ол 11 азамат БҰҰ босқындар мәселесі бойынша агенттік көмегімен Бішкек арқылы Еуропаға жол тартқан.

Ройтер агенттігінің хабарлауынша, ол босқындар алдымен Лондонға жеткізіліп, одан кейін Бельгия, Финляндия және Голландияға жіберілуі мүмкін. Шілде айында өзбекстандық 439 босқын Қырғызстаннан Румынияға жеткізілген болатын.
XS
SM
MD
LG