Accessibility links

Қазақстан оппозициялық газеттерінің басшылары аштық бастамақ


Қазақстандағы алты оппозициялық газеттің бас редакторлары газеттеріміздің шығуына рұқсат етілмесе ертеңнен бастап аштық акциясын бастаймыз деп жариялады. Дау Алматыда орналасқан "Время-принт" баспаханасы барлық тәуелсіз газеттерді шығармай қойған соң басталды. Бас прокуратура шықпай қалған газеттердің кейбіреуі баспасөз заңын бұзды деп түсіндірді кеше. Оппозициялық газеттердің басшылары бұл шындыққа жанаспайды, газеттерімізді жабу жайында бірде-бір соттың үкімі жоқ дейді. Оппозиция Қазақстан үкіметі 4 желтоқсанға белгіленген президенттік сайлаудың алдында газеттерді жаппақ дейді.
XS
SM
MD
LG