СТРАСБУРГ. Бүгін Страсбургте Еуропарламент Түркияның Еуроодаққа мүше болуына қатысты маңызды құжатты бекітуін кейінге қалдырды. Еуропарламенттің консервативті мүшелері Анкара мен Еуроодақ арасындағы кеден одағының кеңеюін көздейтін бұл келісімді бекітпес бұрын, Түркия одаққа мүше болған Кипрді мойындауға тиіс деген болатын. Анкара аталған аралдың оңтүстігіндегі Грек үкіметін мойындаудан бас тартып отыр. Алайда Еуроодақ мүшелері Түркия одаққа мүше болмас бұрын бұл мәселе шешілуі тиіс дейді. Қазанның 3-күні Еуроодақ пен Түркия Анкараның одаққа мүше болу мәселесін талқылау үшін келіссөз бастайды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?