Accessibility links

Индонезияда Бали аралындағы жарылыстарға байланысты тергеуді үстірт жүргізуде


ДЖАКАРТА. Бүгін Индонезияның қарулы күштерінің 60-жылдығына арналған салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде Индонезия президенті Сусило Бамбанг Юдхойоно терроризмге тойтарыс беру - армия мен қауіпсіздік күштерінің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі деп мәлімдеді. Сондай-ақ, президент Юдхонойо таяуда Бали аралында болған жарылыстар бойынша басталған тергеудің белсенді түрде күдіктілердің ізіне түскенін хабарлады. Индонезия үкіметі 20-дан аса адам опат болған соңғы террористік шабуылдарға “Әл-Қаида” тобымен ауыз жаласқан “Джемаа исламия” ұйымының қатысы бар деп есептейді.
XS
SM
MD
LG