Accessibility links

Өзбекстандағы оппозициялық топ С.Умаров саяси себептермен қамауға алынып отыр дейді


ТАШКЕНТ. “Өзбекстан күн шуағы” атты оппозициялық топтың айтуынша, жақында қамауға алынған осы топтың жетекшісі оған тағылған айыптарды жоққа шығаруда. Санжар Умаров экономикалық қылмыс жасады деген айппен сенбі күні Ташкентте тұтқындалған болатын. Аталған топ Умаров саяси себептермен қамауға алынып отыр дейді. “Өзбекстан күн шуағы” коалициясы Әндіжанда үкімет күштерінің наразылық танытушыларды жаппай жаншуынан кейін Өзбек үкіметі таратылуы керек деп айтып келген.
XS
SM
MD
LG