Accessibility links

Қытай Амурды уландырайын деп тұрып Ресейден кешірім сұрады


Қытай үкіметі Амур өзенін жақын арада уландырайын деп тұрған химиялық апат үшін Ресейден кешірім сұрады. Қытай өзенімен келе жатқан улы заттар Қытай мен Ресейді шектейтін Амур өзеніне сегізінші желтоқсанға таман құяды деп күтіліп отыр. Қытай сыртқы істер министрі Ли Жаоксиң Ресей табиғатына келетін зиянның салдарын жоюға көмектескімізі келіп отыр деді. Ресей президентінің Қиыр Шығыстағы арнаулы өкілі Кәміл Ысқақов Хабаровск қаласының халқы улы ағыстың келе жатқанынан кемінде бір апта бұрын ескертіледі деп уәде айтты. Хабаровскіде 650 мың адам тұрады.
XS
SM
MD
LG