Accessibility links

Ресейдің бұрынғы премьер-министрі Михаил Касьянов Демократиялық партияның басшылығына өтпей қалды


Мәскеу. Кремльдің атына сын айтып жүрген Касьянов 2008 жылы өтетін президенттік сайлауда оппозициялық кандидат болуы мүмкін. Партияның жетекшісі болып Одақтар үйінде партияның баламалы сьезін өткізген Демократиялық партияның Орталық комитетінің төрағасы Андрей Богданов сайланды. Ресей астанасының басқа жерінде өз сьездерін өткізген Касьяновтың жақтастары - 150 делегат оны өздерінің формалды емес жетекшілері етіп сайлап, жаңа партия құруға шақырды.
XS
SM
MD
LG