Accessibility links

12 адам қаза болған Ирақта шийттер мен күрдтер министрлік лауазымдарды бөлісуде


БАҒДАД. Бүгін Ирақтың Баакуба қаласының маңында қызметке жаңа шақырылған полицейлер отырып келе жатқан автобусқа шабуыл ұйымдастырылып, 7 кісі қаза тапты. Бұл автобус полицейлерді жаттығу орталығына алып бара жатқан көрінеді. Осы күні өтіп бара жатқан автокөліктен белгісіз біреулер оқ жаудырып, 5 жұмысшы оққа ұшты. Онымен қарама-қатар 15-інші желтоқсандағы парламент сайлауынан кейін Ирақтағы шийттер мен күрдтердің лидерлері жаңа коалициялық үкіметті жасақтау мәселесімен өзара келіссөзін жалғастыру үстінде.
XS
SM
MD
LG