Accessibility links

Бүгін Еуроодақ өкілдері Ресей мен Украина арасындағы газ мәселесін талқыламақшы


БРЮССЕЛЬ. Украина мен Молдова елдері Ресеймен газ мәселесін шешуге бағытталған келіссөзге Еуроодақтың араласуын ресми түрде сұрады. Еуропа Одағының энергетика мәселелері бойынша өкілі Андрис Пибалгстың мәлімдеуінше, Еуроодақ қалыптасып отырған газ мәселесінің тезарада шешілуін қалайды. Ал бұның алдында Пибалгс газ бағасына қатысты келіспеушілік салдарынан Украинаға газ тасымалын шектеу жөніндегі Мәскеудің “асығыс шешімі” Ресейдің абыройына нұқсан келтірді деген болатын. Газ дауына байланысты Еуроодақ өкілдері бүгін төтенше жиналыс өткізеді. Ресейдің “Газпром” компаниясы Украинаға тасымалдайтын газының бағасын бірнеше есеге көбейтпекші, ал ресми Киев Мәскеудің бұл ұсынысымен келіспейді.
XS
SM
MD
LG