БРЮССЕЛЬ: Кеше адам құқын қорғайтын халықаралық “Amnesty International” ұйымы Еуроодақты “Еуропа елдерінде АҚШ-тың құпия түрмелері бар” деген хабарды тергеуге өзінің барлық мүшесінің қатысуын қамтамасыз етуге шақырды. Аталған ұйымның Еуроодаққа төрағалық ететін Аустрия үкіметіне жолдаған үндеуінде өзінің территориясында АҚШ-тың құпия түрмелері болғаны расталған елдерді жазалауға шақырады. “Amnesty International” ұйымы Шығыс Еуропа елдерінде Американың Орталық барлау басқармасының терроризммен шұғылданды деп айыпталғандарды қамап ұстаған құпия түрмелері болды деп күдіктенеді. Ол туралы өткен күзде “Вашингтон пост” газеті жазды.
“Amnesty International” ұйымы Шығыс Еуропа елдерінде АҚШ-тың құпия түрмелері бар деп күдіктенеді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?