Accessibility links

Футболдан Германиядағы кезекті Әлем кубогі – мерекелік салтанатсыз басталады


БЕРЛИН. Футболдан осы жылы Германияда өтетін кезекті Әлем біріншілігінің ресми ашылуына арналған 7-нші маусымға жоспарланған мерекелік шара болмайды. Футбол федерацияларының дүниежүзілік ассоциациясы – ФИФА – мерекелік шараның Берлин қаласындағы олимпиадалық стадионға нұқсан келтіруі мүмкін деген алаңдаушылықтан болмайтынын мәлімдеді. Алайда бүгін шығатын неміс газеттері ресми салтанаттың өтпеуіне – ұйымдастыру шығындардың өсуі мен билеттердің нашар сатылуы себеп болды деп жазады.
XS
SM
MD
LG