Accessibility links

Италияның премер-министрі Сильвио Берлускони мен оның бәсекелесі Романо Проди ұлттық теледидарда сайлауалды пікірсайыстарын өткізді


Рим. Алғашқы нәтижелер премьер Берлусокинге қарағанда оппозиция лидері Продидің пікірсайыста ұтымдырақ көрінгендігін байқатқан. Үкіметбасы өзінің экономикалық саясатын қорғап сөйлесе, бәсекелесі оған ұйымдасқан жемқорлық туралы сұрақтарды жаудырды. Саясаткерлердің екеуі де Иранның ядролық бағдарламасы турасында бейбіт шешімдерді қалайтындықтардын білдірді. Проди Иранға қандай да бір соғыс қимылдары үшін БҰҰ-ның арнайы шешімі қажет болады деп айтты.

- Біз бейбітшілікті қалаймыз. Біздің келісімізді қажет ететін сәттердің бар екендігін білеміз. Біз тек БҰҰ-ның шешімі болған жерде ғана келісеміз. Біз мұның мыңдаған жолы бар дер едік, солшыл-центристердің бағыты осындай, - деген Романо Проди.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG