Accessibility links

Дания бүкіл ислам әлемінің намысына тиген суреттерді басқан газетті жауапқа тартпайды


КОПЕНГАГЕН. Данияда бүкіл ислам әлемінің наразылығын туғызған Мұхаммед пайғамбарды келемеждейтін суреттерді алғаш рет басып шығарған газетке қарсы қылмыстық іс қозғалмайды. Данияның Бас прокуроры Хеннинг Фоденің мәлімдеуінше, келемеж суреттерді басып шығарған “Юлландс-Постен” газеті Дания заңдарын бұзған жоқ. Бірнеше мұсылман ұйымының аталған газетке қарсы қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан жергілікті прокуратураның шешіміне қарсы арызын қараған Данияның Бас прокуратурасы осындай ұйғарымға келді. Даниядағы мұсылман белсенділері прокуратураның бұл шешімі “Данияның халықаралық сахнадағы абыройына зор нұқсан келтіреді” деп мәлімдеп отыр.
XS
SM
MD
LG