Accessibility links

Украинада бүгін Парламенттік сайлаулар өтуде


Бұл сайлаулар Қызғылт-сары төңкерістен бір жылдан сәл көп уақыт өткенде орын алып отыр. Украйна елбасы Виктор Юшенко бұл сайлауларды алғашқы әділ де демократиялық сайлаулар деп атады.

“Бұдан бұрынғы әкімшілікті құраған және Қызғылт-сары төңкерісте жеңіске жеткен дәл сол күштермен біз наурыздың 27-де кеңесулерді бастап кетпекшіміз. Мұның өзі бізге келіссөздер үдерісіндегі саяси стратегияны дамытуға мүмкіндік туғызатын болады. Сол келіссөздерге негіз жасаудамыз”, - деді Юшенко мырза.

Бұл сайлаулар барысында ресейшіл бағыттағы партиялардың басым дауысқа ие болатын түрі бар. Виктор Януковичтің Аймақтар партиясы Парламенттегі көпшілік дауысқа ие болатын сыңайлы. Алайда ол партия мен оның одақтастарының негізгі көпшілік орынға ие болар, болмасы әлі белгісіз. Сайлауға түсіп отырған 45 партия мен блоктардың тек алтауы ғана 3 пайыздық межеден көтерілетін сияқты.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG