Accessibility links

Кондолиза Райс Иранға қарсы Қауіпсіздік Кеңесінде бар шараларды қарастырамыз дегенін қайталады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс осыған дейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін Иранның ядролық бағдарламасына қарсы қатаң шара қолдануға шақырған үндеуін тағы қайталады. Уашингтондағы бейсенбі күнгі мәлімдемесінде Райс ханым, Иран Қауіпсіздік Кеңесінің уран байытуды тоқтату жөніндегі талаптарын орындамай, халықаралық қауымдастыққа мән бермей келеді деген.

“Біз Қауіпсіздік Кеңесінде бар барлық қажетті шараларды қарастырамыз. Ондай шараның бірі, МАГАТЭ-де жоқ, яғни БҰҰ жарғысының жетінші бабы бойынша резолюция қабылдау мүмкіндігі, демек қандай да бір әрекеттерді орындауға құқық беретін, оның ішінде әскери әрекеттер, егер халықаралық қауіпсіздікке бір елден қауіп төнетін болса. Мен Иранды оның халықаралық қауымдастыққа бағынудан басқа жолы жоқ екеніне көндіретіндей, біздің шаралар қабылдайтынымызға сенімдімін”, – деген Кондолиза Райс.
XS
SM
MD
LG