Accessibility links

АҚШ-тың барлау қызметі Еуропаның 14 елімен сыбайластық орнатқан


БРЮССЕЛЬ. Кеше Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы АҚШ-тың Орталық барлау басқармасына жататын “құпия түрмелер” мен тұтқындардың астыртын тасымалдануы туралы жаңа баяндамасын жариялады. Құжатта Еуропаның 14 еліне “АҚШ-пен сыбайласа отырып, халықаралық ережелерді бұзды” деген айып тағылады. “Бұл елдердің үкіметтері, көбіне, не болып жатқанын білгілері де келген жоқ”, -деп ерекше атап көрсетіледі аталған баяндамада. Онда, құжат авторларының есептеуінше, өз территориясында “құпия түрмелер орналасқан” Польша мен Румынияға ерекше назар аударылады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG