Accessibility links

Ирақта ұлттық келісімге жету жоспары бойынша 3 мыңдай тұтқын еркіндік алды


БАҒДАД. Ирақтың Әділет министрлігі хабарлағандай, бүгін Ирақ үкіметі мен АҚШ армиясы шамамен 370 тұтқынды түрмеден босатты. Тұтқындарды босату – Ирақ премьер-министрі Нұри Әл-Мәликидің ұлттық келісімге жету жоспарының ең басты да маңызды бөлігі болып табылады. Әділет министрлігінің хабарлауынша, 6-ншы маусымнан бері қарай жүзеге асырыла бастаған осы жоспарға сәйкес, 3 мыңға жуық адам бостандыққа шықты.
XS
SM
MD
LG