Accessibility links

Газа аймағындағы соғыс қимылдары барысында Израиль 30-дан көп палестиналықты қырды


ТАЯУ ШЫҒЫС. Израиль премьер-министрі Эхуд Ольмерт Палестина үкіметінің төрағасы Исмаил Ханияның бітімге келу туралы бүгін жасаған ұсынысын қабылдамады. Хабарға қарағанда, Э.Ольмерт палестиналық “Хамас” тобының сарбаздары осыдан 2 аптадай бұрын тұтқынға алған Израиль жауынгерін босатпайынша, ешқандай бітімге келіспейтінін айтқан. Газа аймағына Израиль басып кірген 1 аптадай уақыттың ішінде 30-дан аса палестиналық, оның ішінде бейбіт тұрғындар және 1 Израиль жауынгері қаза тапты.
XS
SM
MD
LG