Accessibility links

БҰҰ-ның Бас хатшысы ұйымға мүше елдерді Ливанға бітімгершілік күштерін жіберуге шақырды


Кофи Аннан Ливан үшін бітімгершілік күштері аса қажет болып тұр деп мәлімдегенінен соң, Ливан аймағына әскерлерді орналастыру басталды. Кофи Аннан бұл миссиямен келген бітімгершілік жасақтар ешқандай да әскери әрекетке тартылмайды деп сендірді. Бас хатшының орынбасары Марк Мэллок Браун, Ливанға келетін 3,5 мың бейбіт күш Еуропадан келуі тиіс деген. Оның сөзіне қарағанда, бітімгершілік күштер Ливан да, Израйл де сенім артатындай көп ұлтты болуы керек.
XS
SM
MD
LG