Accessibility links

Пәкістанда Балуч тайпасының басшысы өлтірілді


Пәкістанның Балучистан провинциясында кеше көтерілісшіл Балуч тайпасының басшысы Науаб Ақбар Бугти өлтірілді. Қақтығыс барысында көтерілісшілердің жақтаушылары деп күдіктелетін тағы 37 азамат өлтірілді. Үкімет әскері тарапынан 21 қызметкер қаза тапты. Балучистан – Пәкістанның ең үлкен, бірақ ең кедей провинциясы. Балучистанда Пәкістанның негізгі газ қоры орналасқан. Балуч ұлтшылдары аймақ тұрғындары газ пайдасынан тиісті үлес алмай отыр дейді.
XS
SM
MD
LG