Accessibility links

Соңғы 2 тәулікте Түркияда 5 жарылыс болып, талай шетел турисі жараланды


АНТАЛЬЯ: Түркияның Жерорта теңізі жағалауындағы Анталья курортындағы кешегі жарылыстан көптеген шетел азаматы, оның ішінде Израиль мен Германия азаматтары, 2 ирандық пен 2 орыс жарақат алды. 3 адам қаза болып, кемінде 20 адам түрлі жарақат алды. Оның алдында түріктердің Мәрмәр курортында қатарынан 3 жарылыс болып, 21 адам, оның ішінде 10 британ азаматы, ал Стамбул қаласындағы 1 жарылыстан тағы 6 адам жарақаттанды. Бұл қастандықтарды Түркияда тыйым салынған Күрдістанның жұмысшы партиясының жаугер қанаты жүзеге асырғанын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG