Accessibility links

Лаңкестікке қарсы күреске Еуропа Одағы бұрын-соңды болмағандай ден қояды


БРЮССЕЛЬ: Бүгін Еуропа Одағы халықаралық лаңкестікке қарсы күресін әрі қарай жалғастыра беретінін мәлімдеді. 2001-інші жылдың 11-інші қыркүйегіндегі лаңкестік қастандықтың 5 жылдығына байланысты жасаған мәлімдемесінде Еуроодақтың президенті Хосе Мануэль Боррозу: “терроризмнің шығу себептері мен салдарына қарсы күресуге Еуропа бұрын-соңды болмағандай ден қойып отыр”, -деп атап көрсетті. Оның атап көрсетуінше, лаңкестікке шатысы барлардың ізін кесу және жаңа лаңкестерді жалдауға жол бермеу үшін Брюссель мен Вашингтон кеңінен ақпарат алмасып отыруға тиіс.
XS
SM
MD
LG