Accessibility links

БҰҰ-ың адам хұқтары жөніндегі Жоғары комиссары Түркменстанды журналистің өліміне қатысты жан-жақты тәуелсіз тергеу амалдарын жүргізуге шақырды


БҰҰ-ң адам хұқтары кеңсесі ''Азаттық'' радиосы Түрікмен редакциясының тілшісі Оғулсапар Мұрадованың қазасына қатты қынжылыс білдіріп, алаңдайтындықтарын айтты. Түркменстанның қауіпсіздік ресмилері Мұрадова қалыпты жағдайда қайтыс болған деп мәлімдеді. Алайда, адам хұқтарын қорғаушылар мен марқұмның туыстары журналист түрмеде кісі қолынан қаза табуы мүмкін деген ойларын айтады. 58 жасар Оғулсапар Мұрадова тамыз айында сот үкімімен алты жылға бас бостандығынан айрылған болатын, оған заңсыз қару-жарақ сақтады деген айып тағылған-ды. Мәйітті көрген Мұрадованың туыстары марқұм басынан жараланған, мойнында қылқындырғанға ұқсайтын белгілер бар дейді.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG