Accessibility links

Қазақстандық полиция қылмыс жасады деп күдіктелген 469 адамды ұстады


11 мен 25 қыркүйек аралығында өткізілген жалпыреспубликалық іздестіру операциясы барысында қазақстандық полиция қылмыс жасады деп күдіктелген 469 адамды ұстады. Бұл туралы Астанада қыркүйектің 28 күні криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары Сұлтан Күсетов хабарлады. Оның айтуынша бұл қазір іздеуде жүрген адамдардың тек 25 пайызығана. Полиция өкілдерінің айтуынша қазір іздеуде жүрген 2 мың күдіктінің көбін полиция кезінде өздері босатқан.

Криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары Сұлтан Күсетов айтып өткендей, жалпы ізгілендіру саясатының жүргізіліп жатқанына байланысты көптеген күдіктелірді полиция тұрғылықты мекен жайынан кетпейміз деген қолхат алған соң босатып жібереді. Ал тергеу барысында олар қылмыстық қудалаудан қашады дейді ол.

Күсетов айтып өткендей, Еуропа елдерінде тұрғылықты мекен жайынан кетпейміз деген қолхат алған соң босатпас бұрын күдіктіден кепілдік ретінде мүлік алынады, ал Қазақстанда мұндай тәжірибе өте әлсіз қолданады дейді ол.

Еуропа заңдарын зерттеп жүрген заңгер Марат Башимовтың бұл мәселеге қатысты өзіндік көзқарасы бар:

- Еуропадада Қазақстан заңдарынадада кепілдік институты бар. Бірақ еуропалықтармен қазақстандықтардың құқықтық психологиясы әртүрлі. Бізде кепілдік қойсада кейде қашып кетеді, ал оларда қашпайды адвокат жалдайды.

Полицияның хабарлауынша, бұл жолғы қолға түскендердің арасында ұйымдасқан қылмысты топтардың мүшелері бар болғанымен лидерлері жоқ. Олардың кінәсі толық дәлелденбейінше, қылмысты топ өкілдері жауапқа тартылмайды дейді олар. Ұйымдасқан қылмысты топ өкілдері өз жағдайларын заңдастырып алған, бұған дейін қылмыстық әркеттермен айналысқан адамар қазір фирма директорлары деген мәлімет бар. Бұған дейін аса ауыр қылмыстармен күресті үйлестіру жөніндегі аймақтық орталық бастығы Бекет Аймағамбетов хабарлағандай, күдікті деген ұйымдасқан қылмысты топ өкілдерінің экономикалық жағдайы жоғары болған сайын, олардың кінәсын дәлелдеу қиынға соғады:

- Олар қарап отырған жоқ, қарсыласып жатыр. Ақшалары бар, қымбат машиналармен жүреді, үйлерді айырбастайды. Біз заңды мемлекеттеміз ғой. Ертең қылмыстарын әшкерелемей, бәрін әкеліп қамай берсек, онда 37 жыл болады.

Криминалдық полиция комитетінің қызметкері Асқар Нұржановтың айтуыншада қазір жағдай өзгермеген:

- Біз оларды білеміз, бірақ, дәлелдеу қиын.

Нұржановтың айтуынша мұндай топтар Қазақстанда бірнешеу:

- 24 ұйымдасқан топ бар.

Бірақ, полиция мәліметінше өткен жылдармен салыстырғанда Қазақстандағы қылмысты істердің саны біртіндеп азайып келеді.
XS
SM
MD
LG