Accessibility links

АҚШ Қытайды Пхеньянға қатысты қабылданған санкцияларды орындауға шақырды


Америка Құрама Штаттары Қытайды Солтүстік Кореяға байланысты қабылданған жаңа тиымдарды толық орындауға шақырды. Пхеньян өткен аптада ядролық сынақ жасағанын жариялаған соң БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Солтүстік Кореяға қарсы экономикалық санкциялар енгізген болатын. БҰҰ-дағы АҚШ елшісі Джон Болтон Қытай қабылданған қарардағы тиымдарды орындауға міндетті деп мәлімдеді. Қытай Солтүстік Кореяға баратын және одан шығатын жүктерді тексеру жоспарымыз жоқ деп айтқан болатын. Ал АҚШ-тың Жапониядағы елшісі Пхеньянның тоқтап қалған 6-жақты келіссөзге оралуы БҰҰ санкцияларының доғарылуына жеткілікті болмайды деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG