Бішкектен түскен хабарға қарағанда, полиция қасиетті Рамазан айының аяқталғанын атап өту үшін жиылған мұсылмандардың рұхсат етілмеген жиынын тарқатқан. Қырғызстанның АКИ пресс ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, бұл қайырымдылық жиынды Бішкектегі Жамағат мұсылмандары қауымдастығы ұйымдастырған. Бұл діни топтың мүшесі Бекзат Туйтеевтің айтуынша, бұл тегін тамақ таратып, құран қадистері оқылатын қайырымдылық жиынды өткізуге алғашында қалалық ресмилер рұхсат берген. Бірақ, соңғы сәтте олар жиына өтіп жатқан Алатау алаңына полицияны жіберіп, таратуға нұсқау берген. Қалалық әкімшілік бұған Хизб ут Тахрир радикалды діни ұйымы демеушілік жасап отыр дейді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?