Accessibility links

Демократиялық партия АҚШ Конгресінің қос палатасына да бақылауды өз қолына алды


Бұл соңғы 12 жыл ішінде бірінші рет орын алған жағдай. Демократтар алдымен Өкілдер палатасында басымдықты жеңіп алған болатын. Кеше Виржиния штатынан Сенатқа түскен республикандық Джорж Аллен өз жеңілісін мойындап, жеңістің демократтар жағында екендігін айтты. Сөйтіп, Сенатта 49 орын Демократтарда, Республикандықтарда да орын саны соншалықты болады. Ал тәуелсіз сайланған екі сенатор демократтармен бірлесіп жұмыс істейміз деп мәлімдеді. Монтана штатында да 18 жыл бойы билікті бермей келе жатқан республикандықтардың сенат сайлауында жеңіліс тапқанын кеше Конрад Бөрнс мойындаған.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG