Accessibility links

Косово өзінің тәуелсіздік алуына деген Ресейдің қарсылығын жұмсартуды көздейді


МӘСКЕУ: Косово өлкесінің премьер-министрі Агим Чеку бүгін Мәскеуде Мемлекеттік Думаның халықаралық қарым-қатынас бойынша комитетінің төрағасы Константин Козачевпен келіссөз өткізді. Чеку не туралы әңгіме болғанын хабарлаудан бас тартты. Оның бұл сапары Косово өлкесінің Сербиядан бөлініп тәуелсіздік алуына деген Ресейдің қарсылығын жұмсартуды көздейді. Косово албандарының көтерілісін Сербияның күштеп басуына қарсы НАТО әуеден соққы берген 1999-ыншы жылдан бері аталған өлкені БҰҰ-ы басқарады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG