БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша арнайы сарапшысы Адриан Северин Беларус түрмесінде аштық ереуілін өткізіп жатқан оппозициялық саясаткер Александр Козулинның денсаулығының нашарлағанына алаңдаушылық танытты. БҰҰ-ның өкілі Беларус үкіметі Козулинге тиісті медициналық күтім берсін, Козулинге туысқандары мен адвокаттарын көруге рұқсат етсін деп үндеу айтты. Козулин аштық ереуілін осыдан жеті апта бұрын бастаған, ол халықаралық қауымдастықтың назарын авторитарлық президент Александр Лукашенконың тарапына бұруды мақсат тұтады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?