Accessibility links

Қазақстандық зағиптар көмекке мұқтаж


Қазақстандағы мүгедектер құқықтарын қорғау жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіледі, олар жәрдемақымен және басқада қажеттіліктерімен қамтамасыз етілген. Астанада желтоқсанның 13 күні Еуропалық комиссияның «Қазақстандағы адам құқықтарын халықаралық стандарттарға жақындату» жобасының қорытындысын шығару кезінде Қазақстандағы Адам құқығы жөніндегі ұлттық орталық жетекшісі Вячеслав Калюжный осындай мәлімдеме жасады. Ал «Астанадағы соқырлар қоғамының» төрайымы Хазима Ержанқызының айтуынша, жұмыс істей алмайтын жанарынан айырылған зағип жандарға мемлекет тарапынан 80 доллардан асатын жәрдемақыдан басқа көмек көрсетілмейді.

«Астанадағы соқырлар қоғамының» төрайымы Хазима Ержанқызының өзі кезінде белді қызметтерде істеген. Бірақ, көз жанары зақымданғансоң соңғы 3 жылда ол жанарынан зақымдалған 400 адам кіретін үкіметтік емес ұйымға төрағалық етеді. Хазима Ержанқызының айтуынша Қазақстанда адам құқықығын сақтауда кемшін тұстары басым:

- Әйтеуір әлі күңгі бұрыңғы Кеңес дәуіріндегі жағдаймен жүріп жатырмыз, жақсы анау-мынау деп, негізінде түптеп келгенде адам құқығы тапталып жатыр. Мысалы балаларды қорғау ат үсті жүргізіліп жатқан жұмыс. Көп оқушылар мектепке қамтылмаған. Ата-аналарынан айырылғандардың жағдайы қиын. Мысалы біздің қоғамда көзі көрмейтіндердің жағдайы қиын. Оларға үкімет тарапынан көмек көрсетіліп жатқан жоқ, ай сайын беретін кішкене ақшасынан басқа. Жәрдемақы сомасы әрі барса 10-12 мың теңге.

Ал, Қазақстандағы Адам құқығы жөніндегі ұлттық орталық жетекшісі Вячеслав Калюжныйдың айтуынша Қазақстандық омбудсменнің, яғни халық қорғаушысының жұмысы өзге елдердің бағытына сәйкес. Біз еуропалық елдердің тәжірибесіне жақындадық, дейді ол. Бірақ, Калюжныйдың айтуынша ол Қазақстандағы мүгедектер құқықтарын қорғау жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіледі деп есептеген. «Олар жәрдемақымен және басқада қажеттіліктерімен қамтамасыз етілген», дейді ол. «Бірақ, Испан эксперттері Қазақстан көшелерінде мүгедектер аз дегенде біз мұнда адам құқықтарын бұзу жоқ па деген ойға келдік», дейді Калюжный.

Қазақстанда жүрген Испан омбудсмендерінің бірі Хосе Мануэльдің айтуынша Қазақстан омбудсменінің жұмысы президент қаулысымен емес парламенттік заңмен реттелу керек.

Хосе Мануэль бұл пікірін Қазақстанда ақпан айында басталған 700 мың еуро бөлінген жобаның қорытындысын шығару кезінде хабарлады. Еурокомиссия жобасы шеңберінде испан және грек омбудсмендері Қазақстанды зерттеген. Осы жұмыспен айналысқан Испан омбудсмендерінің бірі Хосе Мануэльдің айтуынша Қазақстанда тергеу саласында омбудсменнің құзіретін кеңейту керек. Мануэльдің айтуынша Қазақстан жерінің кеңдігіне байланысты омбудсмен бөлімшелері өзгеде аймақтарда ашылу маңызды. «Мақсат азаматтар тек Астанада емес басқада қалаларда омбудсменнің кеңсесіне кіруге мүмкіншілік алу керек», деді ол.

Ал, «Астанадағы соқырлар қоғамының» төрайымы Хазима Ержанқызының айтуынша қазақстандықтардың менталитеті Еуропалықтардан бөлек, бірақ соңғы кезде жағдай өзгеріп келеді:

- Алғашқы кезде кішкене болсада мені көп шеттетті үкімет тарапынан, әкімшілікке барайын, департаменттерге барайын, барлық жерлерде. Бірақ содан кейін 2-3 жылдан кейін мен мойындаттым олардың бәріне, қәріп адамдарға көмектесулерің керек! Ертеңгі күні кім не болатынын ешкім білмейді. Мысалы менде әжептеуір жұмыста істеген кісімін, бірақ көзім көрмегеннен мен осындай неге келдім.

Ал, ЕуроКомиссия өкілдерінің айтуынша тұрғындармен жергілікті омбудсмен арасындағы қатынасты соңғы технологиямен жүргізуге болады, ол үшін Қазақстанға интернеттен веб-сайт ашуға қаржы бөлінген.
XS
SM
MD
LG