Accessibility links

Баспасөзге шолу. 12.22.2006 жыл


Жұма күні жарық көрген бірқатар басылымдар, өтіп бара жатқан 2006 жылдың ең маңызды оқиғаларына тоқталыпты. Сондай-ақ, кейбір газеттер Қазақстандағы тұрғын үй бағасы дамыған елдердегіден де қымбат екеніне назар аударыпты. Бұған қоса, баспасөз беттерінде Парламент қарауында талқыланып жатқан Еңбек Кодексінің жобасы туралы сөз болады.

«Қазақстан экономикасы үшін 2006 жыл біраз инновация, бастама, рекорд, өзгеріс, тіпті айқай-шудан да аулақ болмады» деп жазады Түркістан. Басылым, ел экономикасында болған маңызды оқиғаларға назар аударыпты. Газеттің «Жылдың мегахолдингі» атауына «Самұрық» пен «Қазына» компаниялары ие болыпты. Қазақстан Президентінің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену туралы бастамасы – «Жыл бастамасы» аталған. Ұлттық банк айналымға шығарған жаңа теңгенің 2000 және 5000 –дық номиналдарында кеткен қатеге «Түркістан» басылымы- «Жыл қатесі» деген баға беріпті.

«Эпоха» апталығы, өтіп бара жатқан жыл – қалай өтті деген сауалға сарапшылар жауабын келтіреді. Саясаттанушы Досым Сәтпаев, 2006 жыл саяси тұрғыда өте ауыр жыл болды дейді. Сәтпаевтың пікірінше, бұл жылдағы ең қайғылы оқиға – «Нағыз Ақ Жол» партиясы тең төрағаларының бірі Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасы болды. Ал, саясаттанушы Андрей Чеботаревтің пікірінше, әлеуметтік саладағы айрықша оқиға – «Шаңырақ» пен «Бақай» ықшамаудандарындағы полиция мен тұрғындар қақтығысы. Ал, Қазақстанның энергетика саласындағы Қытайдың ықпалының күшейуі, - жылдың алаңдатарлық оқиғасы, - дейді Андрей Чеботарев «Эпоха» басылымында.

«Деловая неделя» апталығы өтіп бара жатқан жылы - тұтыну бағаларын арзандату мүмкін болмады, - деп жазады. Үкіметтің ақша-несие саясатын қатаңдату арқылы инфляцияны төмендетпек болған шарасы аса нәтижелі бола қойған жоқ. 2005 жылға қарағанда биыл инфляция көлемі 1 пайызға жоғары болды. 2006 жылдағы тағы бір жағымсыз оқиға - әлемдік нарықтағы мұнай бағасының төмендеуі. Бірақ бұл жыл нәтижелеріне әсер ете қоймады жоқ, - деп жазады «Деловая неделя» Таяу арада Қазақстанда жылжымайтын мүлік құны 30 пайызға қымбаттамақ. Риэлторлық компаниялардың бұл болжамын «Республика» апталығы жариялапты. Басылымның жазуынша, Берлинде екі бөлмелі пәтерді 53 мың долларға сатып алуға болады. Ал Лондонда 17 ғасырдан салынған қорған, жихазымен 3 миллион доллар көлемінде. Ал Астанада Есілдің сол жағалауындағы пәтер 390 мың доллар, жеке үйдің құны 3 миллион долларға жуық. Алматы орталығындағы 4 бөлмелі пәтер 850 мың доллар. Ал қаладағы Көк-төбе маңында үйдің бағасы 6 миллион доллардың айналасында, - деп жазады «Республика» Астана қаласында қомақты қаржыға сатылып алынған пәтерлердің барлығы күткендегідей жайлы да, жылы бола бермейді, - деп жазады «Экспресс-К». Оның басты себебі - сарапшылардың пікірінше, құрылыстың асығыс және төмен сапамен жүргізілуі. Еуразия Университетінің профессоры, құрылыс жөніндегі сарапшы Майдан Құсайыновтың айтуынша, құрылыста кеткен ақауларды түзететін ешкім жоқ. Өйтені құрылыс компаниялары тек екі жылға ғана кепілдік береді. Ал барлық ақаулар екі жылдан кейін ғана біліне бастайды, - дейді Майдан Құсайынов «Экспресс-К» басылымына берген сұхбатында. «Панорама» апталығы, Парламент талқылауында жатқан Еңбек Кодексінің жобасында еңбек дауларын шешудің екі жолы қарастырылығанын жазады. Келісім комиссиясын немесе еңбек арбитражын құру және сотқа шағымдану. Сондай-ақ, жаңа Заң жобасында жұмыс беруші де, жұмысшыда еңбек шартына жаңа талаптар енгізе алады. Сарапшылар, Еңбек Кодексі жобасы әлемдік стандарттарға және халықаралық еңбек ұйымының талаптарына сай екенін атап көрсетті, - деп жазады «Панорама» басылымы.

Ал, «Караван» апталығы жұмыс беруші мен жұмысшының еңбек шарттарын бірге анықтайтыны туралы, Еңбек Кодексі жобасындағы бапты сынға алады. Басылымының жазуынша бұл талап тым ұшқары. Өйткені жұмыссыз бен жұмыс берушінің күші тең емес. Яғни, өз талабына келіспеген адамды жұмыс беруші жұмысқа алмауы да мүмкін, - деп жазады «Караван».
XS
SM
MD
LG