Accessibility links

Германия “Газпром” мен Беларусь арасындағы келісімді жылы қабылдады


Президент Александр Лукашенко Беларусь елі “жаңа экономикалық ақиқатқа” тап болуда деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Ресей мен Беларусь арасындағы газ мәселесіне қатысты жаңа келісімге қол қойылған соң айтты. 5-жылдық келісімге сәйкес Беларусь енді жаңа жылдан бастап Ресейге бір мың текше метр газ үшін 100 доллар төлейтін болады. Келісімге Жаңа жылға бірнеше минут қалғанда ғана қол қойылды. Ал бұған дейін Минск “Газпромға” 1 мың текше метр газ үшін 46 доллар төлеп келген болатын. Соңғы хабарға қарағанда, Германия “Газпром” мен Беларусь арасындағы келісімді жылы қабылдады.
XS
SM
MD
LG