Accessibility links

Соғыс тұтқынын қуығынан теуіп, жауап алған АҚШ азаматы 8 жылға кесілді


ВАШИНГТОН: Тұтқында отырған ауған азаматына қиянат жасады деген айып бойынша 1 АҚШ азаматы 8 жылға түрмеге кесілді. Ол ауғандық әлгі қиянаттан көз жұмды. Орталық барлау басқармасында келісім-шарт бойынша қызмет істеген Дэвид Пассароға өткен тамыз айында Солтүстік Каролина штатының соты 2003-інші жылдың шілдесінде АҚШ-тың соғыс базасында Абдул Уали деген ауғандықтан жауап алу кезінде оны прожектормен ұрып, қуығынан тепті деген айып таққан болатын. Д.Пассаро – Ауғанстан мпен Ирақтағы соғыс қимылдарының барысында қолға түскен тұтқындарға қиянат істегені үшін жазаланған алғашқы АҚШ азаматы болмақшы.
XS
SM
MD
LG