Accessibility links

2004-інші жылғы террористік шабуылдар үшін 29 адамға айып тағылды


МАДРИД: Бүгін Испанияда 191 адамның қазасына себеп болған 2004-інші жылғы Мадрид қаласындағы террористік қастандықтар бойынша 29 күдіктінің соты басталады. Арабтар мен испандықтардан тұратын бұл күдіктілерге – террористік ұйымға мүше болды және осы қастандықты жүзеге асыру үшін Испанияның солтүстігіндегі шахтадан қопарғыш ұрлады деген айыптар тағылып отыр. Мадрид сотының қауіпсіздігін 100-деген полиция қызметкері күзетеді. 2004-інші жылғы террористік қастандықтардың салдарынан сол кезде испан үкіметі тарауға мәжбүр болып, Испания әскері Ирақтан шығарылды.
XS
SM
MD
LG