Accessibility links

Сербия және Косово албандарының келісімгерлері ең соңғы келіссөздерге жиналуда


Сербия жәнеКосово албандарының келісімгерлері сенбі күні Венада қорытынды келіссөздерді өткізіп, Косовоның болашақ мәртебесі турасында ортақ мәмлеге келуге тырысады. Бұл осы екі тараптың БҰҰ-ның елшісі Марти Ахтисаари Косово бойынша өз ұсынысын Қауіпсіздік кеңесіне берер алдындағы соңғы басқосуы болмақ. Бұл келіссөздерде аса үлкен жетістікке қол жеткізіледі деп күтілмейді, өйткені Косовоға шектеулі, демек бақылаулы түрдегі тәуелсіздік беру жөніндегі Ахтисааридің ұсынысына Сербия қарсы шыққан болатын.
XS
SM
MD
LG