Accessibility links

Ауғанстан президенті Хамид Қарзай Германия мен Францияға сапармен шықты


Германияда Қарзайды халықаралық саладағы еңбегі үшін Стайгер сыйлығымен марапаттамақ. Наурыздың 19, дүйсенбіде, Ауған президенті Берлинде канцлер Ангела Меркелмен кездесіп, Ауғанстандағы қауіпсіздік шаралары үшін берілетін көмек мәселесін талқыламақшы. Ал Парижде Хамид Қарзай Франция президенті Жақ Ширакпенкездеспек. Ал бұл арада, Ауғанстандағы талиптердің НАТО әскери керуеніне шабуылы кезінде бір бала қаза тауып, қалған екеуі жарақат алды. Сондай-ақ, қатардағы бір азамат және одақтас күштерден бір сарбаз жараланды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG