Accessibility links

Еуроодақ пен Ресей арасындағы жаңа әріптестік бойынша келіссөз тағы да кейінге қалды


ЛИМАССОЛЬ: Еуропа Одағы мен Ресей Польшадан Ресейге экспортталатын ет өнімдеріне қойылған шектеуді жою жөнінде уәжге келе алмады. Кипрдің Лимассоль қаласында болып өткен келіссөзден кейін Еуропа Одағының денсаулық сақтау саласы бойынша комиссары Маркос Киприану осылай деп хабарлады. Осы шектеуді жою – Еуроодақ пен Ресей арасындағы жаңа әріптестік туралы келіссөзді бастаудың басты шарты болатын. Польша ол келіссөзді бастауға тосқауыл қойып отыр. Ол шектеу – Польшаның ет өнімдері Ресейдің санитарлық ережелеріне сәйкес келмеген соң 2005-інші жылы қарашада енгізілген болатын.
XS
SM
MD
LG