Accessibility links

Иран мен Еуропа Одағы екі аптадан кейін кеңірек сөйлесуге уағдаласты


Иран мен Еуропа Одағы елдің ядролық бағдарламасы мәселесі жайында екі аптадан кейін кеңірек сөйлесуге уағдаласты. Иран Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани мәселені екі күн бойы Аңқарада Еуропа Одағы сыртқы саясатының үйлестірушісі Хавиер Соланамен талқылаған соң осылайша жариялады. Олар мәселеде алға жылжу бар деп қысқа айтты, бүгін баспасөз мәслихаттарын өткізеді деп күтіліп отыр. Еуропа Одағы, АҚШ және Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Иран уран байытуын тоқтатсын деп келеді, Иран бұған көнбей келеді, ядролық бағдарлама бейбіт мақсатты көздейді дейді.
XS
SM
MD
LG