Accessibility links

Сербия парламентінің спикері Ресеймен жақын ынтымақтастық құруға ынталы


БЕЛГРАД: Сербия парламентінің күні кеше ғана сайланған спикері Томислав Николич: “Сербия – Батыс елдерімен емес, Ресеймен арада әлдеқайда жақын ынтымақтастық құруға тиіс”, деп мәлімдеді. Сербиядағы әсіре ұлтшыл партияның көсемі болып табылатын Николичтің айтуынша, Ресей - Америка мен Еуропа Одағының “гегемониясына” қарсы тұратын мемлекеттерді біріктіреді. Кеше Ресейдің Белградтағы елшісі Александр Алексеев Т.Николичпен кездесіп, оған: “Сербиямен ынтымақтасуға және екі жақты қарым-қатынасты кеңейтуге Ресей дайын!” деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG