Ауғанстанда бір айдан астам уақыттан бері тұтқында болған француздың гуманитарлық көмек қызметкерінің босатылғаны жайында Францияның сыртқы істер министрі Филипп Доуст Блэзи мәлімдеген. Бұдан бұрын тәліптер балаларға көмектесетін ұйымның қызметкері Эрик Дамфревилді босатып, халықаралық Қызыл крест қоғамының қызметкерлеріне бердік деп айтқан болатын. Дамфревилл мен оның әріптесі Селин Кордельерді және ауғандық үш адамды тәліптер сәуірдің 3-і күні қолға түсірген болатын. Француз әйелі сәуірдің аяқ кезінде босатылды, енді тәліптер қолында ауғандық тұтқындар қалып отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?